Ауа райы • 27 Маусым, 2022

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 28, 29 және 30 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасап.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Болжамға сәйкес, Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне ауысатын Солтүстік-Батыс циклон әсерінен найзағай мен жаңбыр болады.

«29 маусымда солтүстік өңірлерде, 30 маусымда шығыста қатты жаңбыр, сондай-ақ бұршақ, желдің күшеюі және ауа температурасы төмендейді деп күтіледі. Тек еліміздің батыс облыстарында скандинавиялық антициклон жотасы әсерінен жаңбыр тоқтайды», делінген хабарламада.