Сенатта журналистер арасындағы «Парасат» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының реформаларын және «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жолындағы сенаторлардың жұмысына тоқталды. Бұл бағытта Палатаның ақпараттық ашықтығына баса мән беріледі.
«Сенат жұмысында қызметіміздің ашықтығына және БАҚ өкілдерімен тығыз байланысқа әрдайым ерекше көңіл бөлеміз. Бұл – біз үшін маңызды бағыт. Біз Сенаттың заң шығару қызметін халыққа жан-жақты жеткізуге мүдделіміз», деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат Спикері депутаттар қабылданатын заңдардың сапасына терең мән беретінін айтты. Сондай-ақ олар азаматтарды алаңдатқан мәселелерді үнемі көтеріп келеді. Осы жұмыстарды жұртқа жеткізу үшін Сенат дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен және масс-медиамен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыра береді.
Сонымен қатар Палата Төрағасы Сенаттың заң шығару қызметін халыққа дәріптеп жүрген журналистердің парламенттік пулын, еліміздегі телеарна, радио, баспасөз редакцияларына алғыс білдірді.
Айта кетейік, биыл «Парасат» байқауына 100-ден астам жұмыс келіп түсті. Авторлардың қатарында елордамызбен бірге өңірлердегі телеарна, радио, газет, ақпараттық портал және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері бар.
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Кеше
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Кеше
Елорда • Кеше
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Кеше
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Кеше
Өнер • Кеше
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Кеше
Әдебиет • Кеше
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Су тапшылығы қолдан жасалған жоқ па?
Аймақтар • Кеше
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Өңірде өнім көлемі артып келеді
Аймақтар • Кеше
Абай • Кеше
Таным • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Аймақтар • Кеше
Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Президент • Кеше
Ереванда сауда орталығында жарылыс болды
Әлем • Кеше
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Кеше
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Кеше
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Кеше
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар