Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев келесі жылы ТҮРКСОЙ-дың құрылғанына 30 жыл толатынын, осы жылдар ішінде Ұйымның ұйытқы болуымен түркі әлемінің ынтымақтастығын арттыруға арналған маңызды іс-шаралар мен жобалар іске асырылғанын айтты.
«Түркі мемлекеттерінің мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру тұрғысынан ТҮРКСОЙ-дың маңызы зор. Соңғы жылдарда түркі әлемі елдерінің ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді. Бұл ретте біздің мемлекет басшыларымыз қабылдаған шешімдердің ықпалы мол екенін атап өткен жөн. Осындай жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға түркі елдерінің Парламенттері де үлкен үлес қосып келеді. Сондықтан біз парламентаралық іс-шаралар мен кездесулер кезінде мәдениет және өнер саласындағы мәселелерге баса мән береміз», деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар Сенат Төрағасы алдағы қыркүйек айында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, бұл Форум түрлі дін өкілдері арасында тиімді өзара байланыс орнатуға және ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Мәулен Әшімбаев Съезд Хатшылығының басшысы ретінде Сұлтан Раевты аталған діни форумға қатысуға шақырды.
Өз кезегінде, ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы түркі әлеміне ортақ көрнекті тұлғалар мен жазушылардың мерейтойларына қатысты жоспарланған іс-шаралар туралы айтты. Сондай-ақ ол Түркістан қаласының түркі әлемінің астанасы ретіндегі рөлін күшейтудің маңызына тоқталды.
Кездесу соңында Мәулен Әшімбаев Қазақстан Парламентінің Сенаты Ұйым аясында түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрін нығайту үшін белсенді жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
1691 қазақстандық коронавирустан сауығып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:23
9 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:15
Президенттің қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды
Президент • Бүгін, 09:07
Өткен тәулікте 1128 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Футбол • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Кәсіпкерлерге push-хабарлама жібереді
Технология • Бүгін, 08:37
Алаяққа арбалған талай жұрттың баласы
Қоғам • Бүгін, 08:35
Аймақтар • Бүгін, 08:34
Мобильді бригадалардың жұмысы ширай түсті
Медицина • Бүгін, 08:32
Аурухананың жаңа корпусы ашылады
Медицина • Бүгін, 08:30
Мүгедек жандардың әлеуметтенуін қамтамасыз етеді
Қоғам • Бүгін, 08:28
Қоғам • Бүгін, 08:25
Несие шартын өзгерту үшін не істеу керек?
Қаржы • Бүгін, 08:23
«Ауыл аманаты» үмітті ақтаса игі
Аймақтар • Бүгін, 08:20
Аумақтық органдарға арналған семинар-кеңес
Қазақстан • Бүгін, 08:18
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Қазақстан • Кеше
Азық-түлік белдеуінің әлеуеті нығайып келеді
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Экономиканы несиелеу өсе бастады
Экономика • Кеше
Онлайн-петиция: Қоғамның барометріне айнала ала ма?
Қазақстан • Кеше
Газ мәселесінің түйіні тарқатылады
Экономика • Кеше
Консорциум мүмкіндігі тағы төмендеді
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Сапалы интернетпен түгел қамтылу көзделіп отыр
Аймақтар • Кеше
Ата-ана және ұрпақ тәрбиесі: Кінә мен реніш
Қоғам • Кеше
Балалар бәсекелестігіне байыппен қарасақ...
Қоғам • Кеше
Оңалту орталығына оң көзқарас қажет
Медицина • Кеше
Абай • Кеше
Руханият • Кеше
«Қилы заман» қалай түсіріліп жатыр?
Кино • Кеше
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарқынды жүргізілуде
Медицина • Кеше
Есірткі саудасы өршіп, пәтер тонау азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Мұқан және оның туған топырағы
Қазақстан • Кеше
Технология • Кеше
Байрақты бәсеке жалауын көтереді
Спорт • Кеше
Өнер • Кеше
Ұқсас жаңалықтар