«Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 196-бабына сәйкес тауып алынған, тастап кеткен баланың тууы ішкі істер органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, бала орналасқан білім беру ұйымы немесе медициналық ұйым әкімшілігінің өтініші бойынша анықталған күннен бастап 7 тәуліктен кешіктірілмей тіркелуге тиіс», делінген Алматы қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада.
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 2-бабының 4-тармағына сәйкес қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
Алатау ауданының прокуроры сайтты заңсыз деп тану және оның Қазақстан аумағындағы қызметін тоқтату туралы арызбен сотқа жүгінді. Сот қадағалау органының өтінішін қанағаттандырды.
Материалдар құқық қорғау органдарына ҚР ҚК 128-бабында - адам саудасы бойынша көзделген қылмысты жасау мәніне тексеру жүргізу үшін жіберілді.
Аталған баб бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.