Аймақтар • 28 Маусым, 2022

СҚО-да заңсыз жалға берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз берілген және пайдаланылмай жатқан жерлер біртіндеп мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да заңсыз жалға берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

СҚО-да жер мәселесіне қатысты өңірдің ведомствоаралық кіші тобының кезекті отырысы өтіп, атқарылып жатқан жұмыстарға есеп берілді.

Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы мақсатындағы 140,2 мың гектар алқап бойынша 30 тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 80 мың гектар жерге қатысты 22 заңбұзушылық анықталды. Заңбұзушылықтарды жою туралы 22 нұсқама берілді, ол 20 есе ұлғайтылған салық мөлшерлемесін қолдану үшін СҚО мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.

Биыл бұған дейін заңсыз таратылған және бос жатқан 58,8 мың гектар алқап ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды. Қазіргі уақытта өңірдің соттарында жерге қатысты 16 талап арыз қаралып жатыр.

Мұндағы басты мақсат - ел заңнамасын бұза отырып жалға берілген жалпы аумағы 4,1 мың га жер учаскесіне қатысты шарттарды жарамсыз деп тану.