Қазақстан • 29 Маусым, 2022

Петропавлдағы ЖЭО-2-ні қалпына келтіруге қанша қаржы бөлінді

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов ЖЭО-2-ні жөндеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлдағы ЖЭО-2-ні қалпына келтіруге қанша қаржы бөлінді

«Бүгінгі таңда акционерлер 18 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бюджет ақша бөлген жоқ және болмайды да, өйткені бұл жеке нысан. Жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр», деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Оның айтуынша, қазір 6 қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, олар 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс. 1 қарашаға қарай қосымша 3 қазандықтың жөндеу жұмыстары аяқталады.

«Яғни, 1 қарашаға дейін 9 қазандық жөнделуі тиіс. Жалпы, ЖЭО-да 12 қазандық бар, оның ішінде жылу беру маусымында 11 қазандық агрегат жұмыс істейді. Қазір құлап кеткен құбырдың жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Өкінішке қарай, ауа-райы жағдайлары бұл жұмысты белсенді жүргізуге кедергі келтіреді», деді Құмар Ақсақалов.

Әкім келесі жылы екі құбырдың орнына бір құбырдың құрылысы жоспарланғанын айтты: біреуі төтенше жағдайдан кейін бөлшектеледі, ал екіншісі 1962 жылы салынғандықтан толығымен алынып тасталады.