Аймақтар • 29 Маусым, 2022

СҚО әкімі Петропавл қаласының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО әкімі Петропавл қаласының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкім Құмар Ақсақаловқа БАҚ өкілдері облыс орталығының атауын Қызылжар деп өзгерту мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

«Әзірше бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұған дейін де мұндай сұрақтарға жауап берген болатынмын», деген өңір басшысы өңірдегі елді мекендер мен көшелерді қайта атау туралы пайымын айтты.

«Бұл жұмыстар бұған дейін атқарылып келді, жалғаса береді. Кейінгі жылдары біз 400 мың нысанды қайта атадық. Бұл жұмыс жалғасады, өйткені моральдік тұрғыда ескірген, ешқандай идеологиялық салмағы жоқ ескі атаулар бар», деді облыс әкімі.

Сондай-ақ ол бұл бағыттағы жұмыстар толығымен заңға сай екенін еске салды.

«Бұл жерде ешқандай кілтипан жоқ. Бұл – тарихшылардың, өлкетанушылардың зерттеулеріне негізделген тарихи шындық. Қоғамдық тыңдау өтіп, бәрі заң аясында істеліп жатыр», деді Құмар Ақсақалов.