Президент • 29 Маусым, 2022

Каспий маңы елдерімен тауар айналымы 9% артты

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы транзиттік ағындарды қамтамасыз ету үшін Транскаспий халықаралық көлік бағдарының рөлі айтарлықтай өсті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өтіп жатқан Каспий саммитінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий маңы елдерімен тауар айналымы 9% артты

«Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы транзиттік ағындарды қамтамасыз ету үшін Транскаспий халықаралық көлік бағдарының рөлі айтарлықтай өсті. Осы жылдың 5 айында қазақстандық жүктерді тасымалдау көлемі 2,5 есеге, ал Каспий маңы елдерімен жалпы тауар айналымы 9%-ға артты», деді Президент өз сөзінде.

Ол сондай-ақ Қазақстан теңіз бойынша жүк ағындарының көлемін ұлғайту мақсатында порт инфрақұрылымын жаңғыртуға және теңіз флотын кеңейтуге кіріскенін хабарлады.

«Біздің алдымызда өзекті ұйымдастырушылық мәселелерді бірлесіп әрі жедел шешу міндеті тұр деп санаймын. Солтүстік – Оңтүстік перспективалы дәлізін одан әрі дамытуға да ерекше назар аудару керек. Ол үшін Шығыс Азия мен Парсы шығанағы елдері арасындағы ең қысқа маршрут - «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» темір жолының мүмкіндіктерін барынша пайдалануға болады. Бұл жаңа логистикалық шешім бар болғаны 12 күнде 6 мың шақырымнан асады», деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.