Теннис • 30 Маусым, 2022

Александр Недовесов Уимблдон турнирін сәтті бастады

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Недовесов Уимблдон турнирін сәтті бастады

Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам Курешимен бірге бастапқы кездесуін аустралиялық Джеймс Дакворт – америкалық Маркос Хиронмен өткізді. Қазақстандық-пәкстандық жұп қарсыластарынан 6:3, 6:7 (10:12), 6:1, 6:2 есебімен басым түсті.

Екі жарым сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матч барысында Недовесов пен Куреши 7 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Олар үшінші айналымға шығу үшін бразилиялық Рафаэль Матос – испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен таласады.

Тағы бір қазақстандық Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге алғашқы айналымда испаниялық Педро Мартинес Портеро – аустралиялық Джон-Патрик Смитке есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды – 3:6, 6:7 (1:7), 4:6.