Экономика • 30 Маусым, 2022

Көлікқұмарларға арналды

174 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елордада Automechanika Astana 2022 халықаралық көрмесі өтті. Онда автокөліктерге техникалық қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер, автоқұрамдауыштар, жабдықтар мен тауарлар ұсынылды.

Көлікқұмарларға арналды

Automechanika Astana – жаңа талап­тарға сәйкес келетін шетелдік серік­­тестерді іздеуге арналған алаң. Көр­ме Орталық Азиядағы авто­мо­­биль өнеркәсібі, дилерлік ор­та­­лық­тар, қызмет көрсету және жөн­­деу сегменттерінің өкілдері ара­­­­сында нетворкинг және жаңа биз­­­нес-ше­шімдерді табу үшін не­гіз­­­гі платформа саналады. Он­да ав­то­к­өліктердің сатылымнан кейін­гі қыз­­мет көрсетуі үшін қосал­қы бөл­шек­­терден бастап керек-жарақт­ар­ға дейін қажетті дүниенің бәрі ұсынылады.

Бұл жолғы көрмеге Қазақстан, Ресей, Италия, Польша, Қытай, Жапония және басқа да елдердің компаниялары қатысқанын атап өту керек. Әсіресе келушілерді Phaeton, Karcher, Meiji Sangyo Company, Truck Motors және Varta компанияларының стендтері баурап алды.

Іс-шараның бас демеушісі болған қазақстандық Phaeton дистрибьюторлық компаниясының экспозициясында қонақтар жаңа Winkod брендіне, сондай-ақ febi, Zacks, Bosch сияқты танымал маркалармен шығарылатын өнім үл­гілеріне назар аударды. Келу­ші­лер Wewatt батареяларын, Teta анти­фриздерін және басқа автомо­биль компоненттерін көріп, танысты.

Karcher техникалық құралдар мен материалдардың барлық түрін ұсынды. Компанияның көпшілік­пен бөлісер қызықты жаңалықтар­ды да бар екен. Атап айтқанда, әйнек жууға арналған жинақ, электр генераторы, литий аккумулятор­ларымен жұ­мыс істейтін еден жуу машинасы, бензин қозғалтқы­шы бар жу­ғыш машина және авто­мо­биль әйнек­теріндегі мұзды кетіруге ар­налған механикалық қол құрылғысы жұртшылыққа ұсынылды. Әсіресе құрғақ мұзды тазарту қондырғысын көпшілік жақсы қабылдады. Оның көмегімен әйнекті электронды схемаларға зақым келтірмей тазалауға болады.

Meito Sangyo Company компаниясы 30-ға жуық жапон брендін ұсынды. Олардың біразы Қазақстанда кеңінен танымал. Мысалы, біздің елде Akebono, Bando, Tokico брендтерімен жақсы өнімдер ұсынылған. Төрт жыл бұрын нарыққа ProFix Мотор майлары кірді. Өндіруші бұл майлар жоғары жүктемемен жақсы жұмыс істейтінін айтып отыр. Әзірге желі жеңіл автокөліктерге арналған. Көп ұзамай жүк машиналарына арналған майлар пайда болмақ.

Коммерциялық көлікке ар­налған қосалқы бөлшектерді TruckMotors компаниясы ұсынды. Компания отандық нарықта 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Febi, Andac, Diesel Technic, Tora секілді жеткізушілер әріптестік байланыс орнатқан.

Жалпы, биылғы көрменің ерек­шелігі – іскерлік белсен­ділікке, байланыстарды кеңейтуге және шетелдік әріптестермен келісімдер жасасуға баса назар аударылғандығында. Компа­ниялардың өкілдері көрме жылдан-жылға қызықты болып келе жатқанын атап өтті.