Дарынды жас Абай ауданындағы Корниенко атындағы қосымша білім беру мектеп-орталығында оқиды.
Жеңімпаз ретінде Qanat High School of Burabay мектебінде оқуға шақырту алған Арман қуанышында шек жоқ екенін айтады.
– Әлі күнге дейін грант алғаныма сене алар емеспін. Мен үшін бұл керемет мүмкіндік. Болашақта қандай мамандықты таңдасам да, Қазақстан тарихында өз есімімді қалдыруды армандаймын. Осы бес күн ішінде біз ерекше ынталандыру мен білім алдық. Енді мұның бәрін дұрыс арнаға бағыттау керек, – дейді ол.
Арманмен бірге бұл слетте Қарағанды облысынан тағы да үш оқушы IQHSB іріктеу нәтижесі бойынша тамаша нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Нұрдәулет Қаблан, Игорь Салаватов және Иван Фатеев те Qanat High School of Burabay жоғары технологиялық мектебіне оқуға шақырту алды.
Айта кету керек, IQanat республикалық оқушылар слетіне еліміздегі 164 ауданның ауылдарынан келген 750 оқушы бақ сынады. Ал Қарағанды облысынан бұл сайысқа 34 оқушы қатысты.
Қарағанды облысы