Ауа райы • 01 Шілде, 2022

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2, 3 және 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райына оңтүстік циклон әсер етіп, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«2 шілдеде батыста, 3 шілдеде солтүстік-батыста, 4 шілдеде республиканың оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауып, жел күшейеді. Қазақстанның барлық аумағында салқын ауа райы сақталады», делінген хабарламада.