ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын жаңа форматта өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыстың күн тәртібіне экономика және көлік саясаты мәселелері шығарылған. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров экономикалық саясат жобасын таныстырды. Жаңа саясаттың негізгі міндеті – барлық экономикалық агенттердің әлеуетін барынша ашуға, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік арқылы нарыққа сай кірістерді бөлуге, адал бәсекелестікті көтермелеуге және қорғауға бағытталған дамудың ашық және еркін моделін құру.
«Бұл құжаттың негізгі мақсаты – азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыра отырып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету», деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Премьер-Министр бизнес-қоғамдастық өкілдерін құжатты толықтыру бойынша өз ұсыныстарын енгізуге шақырды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев баяндама жасады. Ол бүгінгі таңда теміржол жүк тасымалы, автомобиль және теңіз көлігі, сондай-ақ әуе тасымалы бойынша мемлекеттің жүйелі даму шараларын қабылдап жатқанын хабарлады. Отырыс барысында «AUDACIA Express» ЖШС директоры Бақытбек Қадыров және «DALA» компаниялар тобының негізін қалаушы Болатбек Нәжіметденұлы сөз сөйлеп, жүк тасымалдау саласындағы проблемалық мәселелерді көтерді.
Үкімет басшысы отырысты қорытындылай келе, Ұлттық экономика министрлігіне экономикалық саясат бойынша әзірленіп жатқан тәсілдерде бизнестің барлық ұсыныстарын ескеруді және бірлесіп талқылауды тапсырды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне негізсіз талаптарды азайту және осы саланың бәсекеге қабілетін арттыру мақсатында көлік саласындағы барлық талапты қайта қарау, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, Қазақстанның көлік даму стратегиясының жобасын сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету тапсырылды.
1691 қазақстандық коронавирустан сауығып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:23
9 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:15
Президенттің қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды
Президент • Бүгін, 09:07
Өткен тәулікте 1128 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Футбол • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Кәсіпкерлерге push-хабарлама жібереді
Технология • Бүгін, 08:37
Алаяққа арбалған талай жұрттың баласы
Қоғам • Бүгін, 08:35
Аймақтар • Бүгін, 08:34
Мобильді бригадалардың жұмысы ширай түсті
Медицина • Бүгін, 08:32
Аурухананың жаңа корпусы ашылады
Медицина • Бүгін, 08:30
Мүгедек жандардың әлеуметтенуін қамтамасыз етеді
Қоғам • Бүгін, 08:28
Қоғам • Бүгін, 08:25
Несие шартын өзгерту үшін не істеу керек?
Қаржы • Бүгін, 08:23
«Ауыл аманаты» үмітті ақтаса игі
Аймақтар • Бүгін, 08:20
Аумақтық органдарға арналған семинар-кеңес
Қазақстан • Бүгін, 08:18
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Қазақстан • Кеше
Азық-түлік белдеуінің әлеуеті нығайып келеді
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Экономиканы несиелеу өсе бастады
Экономика • Кеше
Онлайн-петиция: Қоғамның барометріне айнала ала ма?
Қазақстан • Кеше
Газ мәселесінің түйіні тарқатылады
Экономика • Кеше
Консорциум мүмкіндігі тағы төмендеді
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Сапалы интернетпен түгел қамтылу көзделіп отыр
Аймақтар • Кеше
Ата-ана және ұрпақ тәрбиесі: Кінә мен реніш
Қоғам • Кеше
Балалар бәсекелестігіне байыппен қарасақ...
Қоғам • Кеше
Оңалту орталығына оң көзқарас қажет
Медицина • Кеше
Абай • Кеше
Руханият • Кеше
«Қилы заман» қалай түсіріліп жатыр?
Кино • Кеше
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарқынды жүргізілуде
Медицина • Кеше
Есірткі саудасы өршіп, пәтер тонау азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Мұқан және оның туған топырағы
Қазақстан • Кеше
Технология • Кеше
Байрақты бәсеке жалауын көтереді
Спорт • Кеше
Өнер • Кеше
Ұқсас жаңалықтар