Елорда • 01 Шілде, 2022

Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда субұрқақтан энтеровирус РНК-сы анықталды. Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды

«Ауа райының жылы болуына және шомылу маусымының басталуына байланысты елордада энтеровирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың маусымдық артуы байқалады. Атап айтқанда, соңғы екі аптада Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сырқаттанушылық деңгейі 2,6 есе өсті. Жалпы жыл басынан бері 453 адам ауырып қалды. Оның 52 пайызы немесе 234 жағдай жазғы кезеңге келеді. Балалар, сондай-ақ иммун тапшылығы бар немесе басқа сырқат түрлерінен әлсіреген адамдар бұл инфекцияға көбірек бейім. Жыл басынан бері тіркелген барлық жағдайлардың 98 пайызы немесе 443-і - 14 жасқа дейінгі балалар. Қазіргі уақытта 63 бала ем алуда», деді ол.

Оның айтуынша, эпидемиялық маусымда балалар арасында энтеровирустық инфекцияның көп таралуының негізгі себебі су қоймаларында, бассейндер мен субұрқақтарда шомылу болып тұр.

«Осы мән-жайларды ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға балалардың денсаулығын сақтау бойынша барлық шараларды қабылдау және олардың өміріне қауіп төндіретін барлық жағдайлардың алдын алу қажеттілігі туралы кеңес береді», деді Сархат Бейсенова.

Естеріңізге сала кетейік, астаналық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық маусымда мамырдан қыркүйекке дейін зертханалық зерттеулерге су сынамаларын ала отырып, субұрқақтардың су сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді. Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталды.

Атап айтқанда, лайлылық бойынша рұқсат етілген мәннің 1,04 - 1,4 есе артуы байқалады. Сондай-ақ Абай және Жеңіс даңғылдарының қиылысында орналасқан су бұрқақта вирусологиялық көрсеткіштер бойынша энтеровирус РНК-сы анықталып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35