Әлем • 02 Шілде, 2022

Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранда қуаттылығы 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды  Egemen.kz Иранның ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі Иранның оңтүстік бөлігінде болған. Зардап шеккендер бар, бірақ олардың нақты саны әзірге белгісіз.

Дүмпу ошағы Бендер-Ленге қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 61 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте жатты.

Осы аймақтағы алғашқы жер сілкінісінен кейін екі сағат ішінде магнитудасы 4,2-ден 6,2 баллға дейін бірнеше соққылар тіркелді.