Теннис • 03 Шілде, 2022

Теннисші Дмитрий Попко Испанияда чемпион атанды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Дмитрий Попко жұптық сында Малага челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннисші Дмитрий Попко Испанияда чемпион атанды

Қазақстан теннис федерациясы мәлімдегендей, қазақстандық теннисші түркиялық Алтуг Челикбилекпен бірге жүлде қоры 45 мың АҚШ долларынан асатын доданың финалында Израиль өкілі Даниэль Чукерман - эквадорлық Эмилио Гомеспен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-түркиялық жұп үш сетке созылған матчта 6:7 (4:7), 6:4, 10:6 есебімен жеңіске жетті.

Бұл - Дмитрий Попконың жұптық сында челленджер жарыстарындағы алғашқы титулы.

Соңғы жаңалықтар

Ағайынды алғырлар

Қоғам • Бүгін, 08:55

Абылай заманынан қалған көрік

Жәдігер • Бүгін, 08:50

Күй күмбірлеген кеш

Өнер • Бүгін, 08:45

Зиялылық заңғары

Тарих • Бүгін, 08:15

Еламанның есті жырлары

Руханият • Бүгін, 08:02