Ауа райы • 04 Шілде, 2022

Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

155 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Синоптиктер 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

«Ел аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, олармен жаңбыр күтіледі, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, найзағай, желдің күшеюі, дауыл, батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, солтүстікте шаңды дауыл болады. Қазақстанның тек шығыс бөлігі ғана антициклон жотасының ықпалында болады, бұл жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды», делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысында түнде орталығында, күндіз шығысында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Алматы, Жетісу, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болуы мүмкін.

Қызылорда, Абай облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығы мен батысында, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, орталығында бұршақ, дауыл, шаңды дауыл болжанады.

Ақтөбе облысының түнде орталығында, күндіз шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды.

Атырау облысында батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында, батысында, солтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғуы мүмкін. Шымкентте күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ болады. Облыстың шығысында шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с. Облыстың орталығында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында найзағай жарқылдайды.

Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. 4 -5 шілдеде солтүстік-батыс, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше