Президент • 04 Шілде, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Қазақстан Президенті Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шешімі уақытылы қабылданғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды сәтті өткізуіне тілектестік білдіріп, бұл оқиға бауырлас Өзбекстанды жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін маңызды қадам болатынын атап өтті. 

Сонымен қатар екі ел басшылары Қырғызстанда өтетін Орталық Азия мемлекеттері көшбасшыларының алдағы консультативтік кездесуінің күн тәртібін талқылады.