Қоғам • 04 Шілде, 2022

Kids Go Free: 300-ден астам бала тегін ұшты

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kids Go Free: 300-ден астам бала тегін ұшты

Биыл елімізде Kids Go Free жобасы пилоттық режимде іске қосылды. Аталған бағдарлама 2-17 жастағы балалар мен жасөспірімдерге ел ішінде саяхат жасағанда тегін ұшуға мүмкіндік береді.

«Kids Go Free биыл қаңтарда іске қосылды. Бүгінде көптеген туристік компания аталған бағдарламамен жұмыс істеп жатыр. Басты шарт жасөспірім кәмелет жасына толмаған болуы керек. Яғни отбасылық туристік жолдама сатып алған кезде, балалары тегін ұша алады. Оның ақысын туристік компания көтереді», деді Ержан Еркінбаев.

Оның айтуынша, биылғы жоспарға сәйкес 15 мың балаға дейін Kids Go Free жобасының мүмкіндігін пайдалана алады.

«Осы күнге дейін 300 бала тегін ұшты. Тағы 700 бала жолдама алды, олар енді саяхаттайды. Жиі сұранысқа ие аймақтар – Алматы, Түркістан және Маңғыстау. Егер жобаны қолданушылар саны біздің жоспардан асып кетсе, онда қосымша қаржы сұрайтын боламыз», дейді ол.