Қоғам • 04 Шілде, 2022

Инфляция иіле ме?

354 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2022 жылғы маусымда инфляция жылдық есептеуде – 14,5%, бір айда 1,6%-ды құрады.

Инфляция иіле ме?

2022 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 19,2%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 13,2%-ға, ақылы қызметтер 9,2%-ға көтерілді.

Азық-түлік нарығында баға жылдық мәнде құмшекерге – 78,7%, қырыққабатқа – 72,4%, басты пиязға 69,3% өсті. Картоп бағасы 9,8% төмендеді.

Бағаның өсуі

(маусым 2021ж.-маусым 2022ж.,

өсім, пайызбен)

78,7%  құмшекер

22,8%  қышқыл сүт өнімдері

72,4%  қырыққабат

21,9%  минералды және ас су

69,3%  басты пияз

20,7%  кондитерлік өнімдер

33,1%  ұн

19,1%  салқындатылған

сусындар

30,1%  макарон өнімдері

18,5%  темекі өнімдері

29,7%  құс еті

17,3%  нан

28,5%  жармалар

16,8%  жылқы еті

26,0%  қатты ірімшік

16,3%  шұжық өнімдері

25,4%  тоқаш және ұн өнімдері

15,9%  сары май

25,3%  жаңа піскен жемістер

14,9%  қой еті

23,5%  кептірілген жемістер мен жаңғақтар

14,7%  күнбағыс майы

2022 жылғы маусымда (2021 жылғы маусымға) азық-түлікке жатпайтын тауарлардың баға өсімі 13,2% құрады. Баға деңгейі жеке қолданылатын тауарларға – 23%, жуу және тазалау заттарына – 20,8%, тұрмыс құралдарына – 19,7%, құрылыс материалдарына – 18,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 18,2%, автомобильдерге – 15,1%, ыдыс-аяққа – 13,9%, то­қы­ма бұйымдарына – 10,8%, фар­ма­цевтикалық өнімдерге 9% өсті.

Бір жылда (былтырғы және биыл­ғы маусымға) ақылы қыз­мет­тер бағасы 9,2% өсті. Баға дең­гейі қоғамдық тамақтандыру қыз­мет­теріне – 15,9%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 14,7%, санато­рий қызметтеріне – 13,7%, кешен­ді демалу ұйымдарына – 13,2%, шаштараздар бен жеке қыз­мет көрсету орындары қыз­меттеріне – 12%, қонақ үй қыз­мет­­теріне 5,7% өсті. Жолаушы­лар көлігі қызметтері 4% қымбаттады.

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі

 

2022 жылғы маусым

Анықтама: 2022 жылғы мамыр

2021 жылғы

маусымға

2021 жылғы

желтоқ-санға

2022 жылғы

мамырға

2021 жылғы
мамырға

2022 жылғы
сәуірге

Тауарлар мен қызметтер

14,5

10,5

1,6

14,0

1,4

Азық-түлік

 тауарлар

19,2

15,7

1,9

19,0

1,7

Азық-түлік емес тауарлар

13,2

8,4

1,9

11,9

1,4

Ақылы қызметтер

9,2

5,3

0,8

9,1

0,8

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр қуатына – 7,5%, қоқыс шығаруға – 2%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 1,4% жоғарылады, ал орталықтан жылытуға – 2,3% және ыстық суға 0,9% төмендеді.

Бюро ай сайын инфляция дең­гейін сипаттайтын тұтыну баға­лары индексінің көрсеткішін есеп­тейді. Жалпы алғанда 508 пози­ция бойынша қызметтер мен тауар­лардың тарифтер мен баға өзге­рісі бақыланады. Бағаларды тір­кеу барлық облыс орталығын­да, аста­нада және қалалар мен аудан орта­лықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қыз­мет көрсету саласы кәсіп­орын­дарының іріктемелі желісі бо­йынша жүргізіледі.

2022 жылғы қаңтардан бас­тап, тұтыну бағаларының ин­дек­сін есептегенде азық-түлік тауар­­­л­арының үлесі – 40,7%, азық-тү­лікке жатпайтын тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер  29,1%-ды құрады.

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі
өткен жылға пайызбен, өсуі

п