Кітапхана қызметінде жұмыс істейтін жас мамандардың жалақысы 65 мың теңге. Лайықты еңбектің қайтарымы болмағандықтан, жастар бұл саладан кетуге мәжбүр. Бұл туралы Семейдегі Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері өңірге келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Әмірхан Рахымжанов пен Жанат Омарбековамен өткен кездесуде айтты.

Әмбебап кітапхана Қазақстандағы тарихи-мәдени нысандардың бірі саналады. Оның ашылуы 1883 жылы мұражай орналасқан облыстық статистика комитетінің ғимаратында өткен еді. Ұзақ жылдар кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатарында ұлы шайыр Абайдың өзі болған. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы кітапханаға хакімнің есімі берілді. Қазір мұнда 8 бөлім, 39 кітапханашы жұмыс істеп келеді.
Кітапхана қорында 385 мыңнан астам кітап бар, оның құнды мәліметтеріне 19 мыңнан астам оқырман қанығып жүр. Кітап беру көлемі жылына 400 мыңға жуықтайды. Жыл сайын кітапханада 400-ге жуық түрлі мәдени іс-шара ұйымдастырылып келеді.
Кездесу барысында депутаттар жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жаңадан құрылған Абай облысында бірінші кезекте шешілуге тиіс бірнеше мәселеге тоқталды.
Кітапхана қызметкерлері өз тарапынан бірқатар қордаланған проблеманы жеткізді. Атап айтқанда, кітапхана жүйесін цифрландыру, жалақыны арттыру, сол секілді жас мамандарға қолайлы жағдайлар жасау саладағы күн тәртібіндегі мәселелердің қатарында. Сондай-ақ кітапхана туралы заң қабылдау қажеттігі туралы ұсыныстар да айтылды.
Бұдан бөлек, депутаттарға кітапханалар, мұрағаттар және ірі компанияларға арналған жаппай цифрландыру жобаларын жүзеге асыруға септесетін арнайы автоматты кітап сканерлерінің жетіспеушілігі туралы айтылды. Қазір үлкен кітапхана қорындағы тек 5,5 мыңнан астам кітап қана цифрландырылған.
Кітапханада ауқымды кітап қоры болғанымен, қажетті технологияның тапшылығынан бірқатар қиындық туындап отыр. Айталық, XIX ғасырда жарық көрген көптеген журнал мен кітап әлі цифрландыру процесінен өткізілмеген. Бұл тұтастай кітапхананың цифрлы тұрғыда дамуына кері әсерін тигізіп отыр.
Абай облысы
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар