Экология • 07 Шілде, 2022

Киіктер саны қарашаға дейін реттелуі мүмкін

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Киіктердің саны 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін реттелуі мүмкін. Бұл туралы Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Киіктер саны қарашаға дейін реттелуі мүмкін

«Зоология институты 2022 жылға киіктердің санын реттеудің биологиялық негіздемесін ұсынды. Ғылыми қорытындыға сәйкес, жем-шөп пен суаттардың, ауыл шаруашылығы дақылдары егісіне киіктердің кіруінің салдарынан, сондай-ақ Орал популяциясы санының күрт өсуіне байланысты киіктердің шамадан тыс өсуін реттеу қажеттілігі туындады. Айта кетсек, мұндай жағдай Бетпақдала популяциясында да байқалады», деді Нұрлан Қылышбаев елордада өткен дөңгелек үстелде.

Биологиялық негіздемеге сәйкес 2022 жылы Орал популяциясының киіктерін атуға ұсынылған көлемі есептік санының 10%-ын құрайды, оның ішінде ересек еркек - 5%, ересек аналық - 47,5%, жас ұрғашы - 47,5%.

«Қостанай, Ақмола облыстарының аумағындағы Бетпақдала популяциясы үшін 2022 жылға алу көлемі есептік санның 2,5% мөлшерінде ұсынылады. Оның ішінде ересек аталықтары - 5%, ересек ұрғашылары - 47,5%, жас төлдері - 47,5%», деді Н.Қылышбаев.

Ол киіктердің санын биологиялық және экономикалық тұрғыдан реттеудің оңтайлы мерзімі 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін екенін айтты.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 90 мыңға жуық киік атуға жатады.