Парламент • 09 Шілде, 2022

Мәулен Әшімбаев: Ізгі амалдар мен қайырымды істер жасауға ынталандыратын мереке

575 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев: Ізгі амалдар мен қайырымды істер жасауға ынталандыратын мереке

«Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – елді бірлік пен бейбітшілікке шақыратын, өзара сыйластық пен құрметті дәріптейтін, ізгі амалдар мен қайырымды істер жасауға ынталандыратын мереке. Жақсылыққа жақын және көпке қамқор болу – осы мейрамның маңызды шарттары. Бұл құндылықтар елдің іргесін бекемдеуге және рухани келбетін кемелдендіруге елеулі ықпал етеді.

Айт кезіндегі осындай игілікті істер біздің ұлттық болмысымызға айналғаны анық. Олар еліміздегі татулық пен келісімнің нығаюына да үлкен септігін тигізуде. Шын мәнінде, ізгілік пен мейірімділік қашанда халқымыздың ырыс-ынтымағын арттыра түседі.

Осы ұлық мерекеде елімізге амандық, жерімізге тыныштық және әр шаңыраққа шаттық тілеймін! Шалған құрбандықтарыңыз бен ниеттеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!», делінген құттықтауда.