Футбол • 09 Шілде, 2022

Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі сатысының жеребесі тартылды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан қазақстандық клубтардың қатысуымен өтетін UEFA Чемпиондар лигасы негізгі сатысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі сатысының жеребесі тартылды

Алматылық «Қайрат» А тобына түсті. Қарсыластары - франциялық «Спортинг», бельгиялық «Андерлехт» және испаниялық «Мальорка».

Қазақстандық команда аталған турнирге 19-мәрте қатысады. Ел біріншілігінің күміс жүлдегері - рудныйлық «Аят» В тобында хорватиялық «Ново Время» және «Пула», португалиялық «Спортингпен» кездеседі.

Әрбір топтан үздік үштікке енген командалар жарыстың элиталық сатысына жолдама алады. Турнирдің негізгі сатысының ойындары биылғы жылдың 25-30 қазан аралығында өткізіледі.