Оқиға • 09 Шілде, 2022

Ағайынды екі жігіт Жайық өзеніне батып кетті

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 шілде күні Орал қарасына қарасты Меловые горки кенті маңында ағайынды екі жігіт Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды

Ағайынды екі жігіт Жайық өзеніне батып кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 8 шілде күні қалаға қарасты Меловые горки кенті аумағында болды.

«Сағат 17.35-те екі адамның жабдықталмаған жерден Жайық өзеніне батып кеткені жөнінде хабар түсті. Жедел құтқару жасағының күшімен іздестіру жұмыстары барысында 1991 және 2003 жылғы ағайынды жігіттердің денесі судан шығарылды. БҚО ТЖ департаменті суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.