Парламент • 09 Шілде, 2022

Мәулен Әшімбаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев отандасымыз Елена Рыбакинаның Уимблдон турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

«Теннистен Уимблдон турнирінде топ жарған отандасымыз Елена Рыбакинаны бүгінгі жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл - барша қазақстандық жанкүйер қауымның қуанышы және ел спортының мерейі.

Жерлесімізге алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз. Жеңісті күндеріміз көп болсын!», делінген құттықтауында.