Қоғам • 11 Шілде, 2022

Елімізде 84 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникация департаментының директоры Айнұр Сағындықованың айтуынша, елімізде 84 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 84 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж

Спикердің айтуынша, 2018 жылдан бастап жекеменшік сектордың ауқымды қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырыс тетігі даярланды.

«Біз инвесторлар мен жеке кәсіпкерлерді мемлекеттің қаржылық қолдауымен студенттік жатақхана құрылысына қаржы салуға шақырамыз. Бұл жобаға әлеуметтік нысанды салушы ретінде ғана емес, табысты және келешегі мол бизнес жоба ретінде қараған жөн», деді ол.

Жиында алматылық студенттер жатақханаға көбірек мұқтаж екені айтылды.

«Қазір еліміз бойынша 84 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж. Оның ішінде Алматы қаласында 40 мыңнан астам студентке жатақхана қажет. Себебі жоғары оқу орныдарының басым бөлігі Алматыда шоғырланған. Айта кетсек, бұл бастамаға 152 млрд теңге қарастырылған», деп қосты Айнұр Сағындықова.