Руханият • 11 Шілде, 2022

Қазақконцертте маусымның жабылуына орай гала-концерт өтеді

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында елорда тұрғындары мен қонақтарын үшін мерекелік гала-концерт өтеді. Іс-шара 61-концерттік маусымның жабылуына арналады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақконцертте маусымның жабылуына орай гала-концерт өтеді

Концерт 12 шілде күні сағат 19:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді.

Бұл кеште көрермендер классикалық және ұлттық музыканың жауһарларына айналған туындыларды, заманауи әндерді тыңдай алады.

Концертте Азамат Желтыргузов, Медет Чотабаев, Бибігүл Жанұзақ, Салтанат Ахметова, Азат Малик, Айгүл Елшібаева, Нұрболат Арзамасұлы, Ардақ Балажанова, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Ерболат Шалдыбеков, Асқар Мұқият, Венера Табыс сынды танымал әншілер өнер көрсетеді. Сондай-ақ өнер сүйер қауым Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі мен «FORTE-TRIO» мемлекеттік триосының орындауындағы үздік шедеврлерді тыңдай алады. Концерттің дирижерлері – Қалқаман Дүйсембаев және Гудни Эмильсон (Германия).