Аймақтар • 12 Шілде, 2022

Ауылға арналған жобалармен танысты

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары Альберт Рау мен Самат Ақышев Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында болып, «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша іске асып жатқан жобалармен танысты.

Ауылға арналған жобалармен танысты

Алда тұрған басты міндеттердің бірі – ауылдардың инфрақұрылымын да­мыту. Осыған сәйкес, биыл Майлин ауда­нындағы Красносельский және Майский елді мекендеріне орталық су желісі тартылады. Ал Елизаветенка ауылында жаңа медицина мекемесі бой көтереді.

Депутаттар Увальный ауылының маңындағы «Ленинск мал шаруашылығы кешені» серіктестігіне де барды. Заманауи ферма 12 мың талпақ танау өсіреді. Елді мекендерден шалғайда, оңаша жерде орналасқан ферма өз өнімдерін ет және шұжық түрінде саудалайды. Сон­дай-ақ депутаттар аталмыш серік­тес­тіктің шаруашылығымен танысып, жұмысшыларымен кездесті. Мұнда жұмыс істейтін жұмысшылар жұмыс кестесі мен мамандығына қарай 120 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін жалақы алады.  

Мәжіліс депутаттары Альберт Рау мен Самат Ақышев фермер ұсынып отырған жобаның маңызды екеніне тоқталып, қолдау көрсетуге уәде етті. Ауыл тұрғын­дарымен кездесу барысында депутаттар Бейімбет Майлин ауданында Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасы нәтижелі жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.

 

Қостанай облысы