Қазақстан • 12 Шілде, 2022

Ақтау теңіз-сауда порты «Жасыл порт» сертификатын алды

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақтау теңіз сауда порты» Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының «EcoPorts Pers» сертификатын алды, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.

Ақтау теңіз-сауда порты «Жасыл порт» сертификатын алды

«Порттардың экологиялық сараптама жүйесіндегі» жасыл порт сертификаты біздің халықаралық және еуропалық деңгейде жұмыс жасай алатынымызды көрсетеді. Ақтау сауда порты экологиялық, жұмыс процесі барысындағы қауіпсіздік стандарттарына толық жауап береді. Бұл өз кезегінде біздің тұтынушылар алдында барлық талаптарға сәйкес келетін, жоғары сапалы қызмет көрсететін порт екенімізді білдіреді», деді Ақтау халықаралық теңіз сауда портының төрағасы Абай Түркпенбаев.

Халықаралық сертификатты табыстау рәсіміне ЕҚЫҰ-ның Еуропадан келген делегациясы мен осы ұйымның энергетикалық қауіпсіздік саласындағы бағдарламалар жөніндегі аға қызметкері Дэниел Кросс, ЕҚЫҰ хатшылығы, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров қатысты.