Ауа райы • 12 Шілде, 2022

Қазақстанның төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, 13 шілдеде еліміздің бірқатар аймақтарында шаңды дауыл күтіледі. Бірқатар өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер 13 шілде күні күндіз Қызылорда облысының орталығында дауыл болады деп болжап отыр. Облыстың басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде – қатты ыстық +35...+39°C, облыстың оңтүстігінде + 42°C. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Атырауда ауа температурасы +37...+39°C дейін жетеді.

Түркістан облысында найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Солтүстігінде - шаңды дауыл. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

13 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Аумақтың көп бөлігінде +35...+ 39°C, оңтүстігінде + 42°C болады. Сондай-ақ облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Оралда термометр + 38°C дейін көтеріледі.