Тағайындау • 11 Шілде, 2022

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Қайрат Қамзин тағайындалды, деп жазады Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды

Қайрат Амангелдіұлы Қамзин 1976 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Машина құрылыс технологиясы» мамандығы және 2009 жылы Қарағандының «Болашақ» университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады.

Мемлекеттік қызметте 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Түрлі лауазымдарды атқарған: Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының жетекші маманы, кейін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы болды.

2007-2010 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдар аралығында облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылдың желтоқсан айынан 2021 жылдың наурыз айына дейін Приозерск қаласының әкімі болды.

Осы тағайындауға дейін Қарағанды облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы – Қарағанды облысының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып қызмет етті.