Коронавирус • 14 Шілде, 2022

4,5 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 шілдедегі мәлімет бойынша, елімізде 4 477 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

4,5 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, олардың ішінде 503 пациент стационарда, 3 974 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 14 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратының көмегімен ғана дем ала алады», делінген комиссия хабарламасында.

Сондай-ақ бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 534 769 адам, екінші компонентін 9 317 774 адам салдырды.