Президент • 14 Шілде, 2022

Жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударатын кез келді – Тоқаев

644 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударатын кез келді. Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жастар шығады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударатын кез келді – Тоқаев

«Елімізде өскелең ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жағдай жасалып жатыр. Бірақ, нақты шараларға қарамастан, жастарды жұмыспен қамту мәселесі толық шешілмей келеді.

Кейбір аймақта жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі еліміздегі орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары – соның қатарында. Үкімет және облыс әкімдері осы мәселеге айрықша назар аударуға тиіс. Жыл аяқталғанда тиісті қорытындысын шығарамыз», деді Президент.