Экология • 14 Шілде, 2022

Киіктердің популяциясын басқарудың жаңа тәсілдері талқыланды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің төрағалығымен киіктердің популяциясын басқарудың жаңа тәсілдерін қарау мәселесі бойынша жиын өтті. Оған ғылыми ұйым мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ аңшылардың қоғамдық бірлестіктері қауымдастықтары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Киіктердің популяциясын басқарудың жаңа тәсілдері талқыланды

Зоология институты мен Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері әр популяцияның оңтайлы санын анықтау, тиімді мониторинг және тұрақты басқару үшін Қазақстандағы киік популяциясы ареалындағы экожүйелерді кешенді бағалау бойынша терең ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс айтты. Киікті сақтау тұрғысынан, оны қорғай отырып, орынды пайдалану кезінде киік таралымының барынша мүмкін болатын мөлшерін ұстап тұру неғұрлым орынды болады.

Мұндай популяцияны басқару мұқият дайындықты қажет етеді. Аталған жұмыс басталып кетті және министрлікпен, барлық мүдделі тараптардың бақылауымен,  жұртшылықты хабардар ете отырып жүргізіледі.

Сондай-ақ жиында Серікқали Брекешев Ауыл шаруашылығы министрлігіне жабайы аңдармен келтірілген зиянды есептеу әдістемесін әзірлеу және фермерлерге келтірілген залалды өтеу мәселелерін қарау қажет екенін атап өтті.