Ауа райы • 15 Шілде, 2022

Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 шілде күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz

Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, жұма күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы бірқалыпты болады. Тек Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавл қалаларында ғана қолайсыз метеорологиялық жағдай көрініс табуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.