Қоғам • 19 Шілде, 2022

Елордада көпфункционалды кешен салынады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Ayana Holding» компаниясының басқарма төрағасы Абдулла бен Лахеджды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада көпфункционалды кешен салынады

Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, сұхбат барысында тараптар елордада «The Grand Mosque Residences» көпфункционалды тұрғын және сауда кешенінің құрылысы жобасын іске асыру перспективаларын талқылады.

Мұхтар Тілеуберді Үкімет жобаны іске асыру және сүйемелдеуге қажетті қолғабыс көрсетуге дайын екенін хабарлады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған жобаны практикалық тұрғыда іске асыру кезеңіне өту бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Бірінші кезеңнің жалпы құны - 576 млн АҚШ доллары, ал жобаның жалпы құны - 2 млрд АҚШ доллары.