Өңір басшысы кеме қатынасының маңыздылығын, атап айтқанда, жолаушылар тасымалын арттырудағы тиімділігін, сондай-ақ жүк тасымалдауға экономикалық артықшылықтарын жеткізді.
«Осыған дейін Ертістегі кеме қатынасын жандандырудың қажеттілігін айтқан едім. Кез келген кеме үшін пирс қажет екені айтпаса да түсінікті. Осы мақсатта бұрынғы өзен вокзалының жағдайымен танысуды ұйғардық», деді облыс әкімі.
Оның айтуынша, шаһарда кеме қатынасын жаңғырту үшін барлық тетік қарастырылған. Ең бастысы, инвесторлар келуге дайын.
«Бұл бағытта ұсыныстар бар, инвесторлар да табылып отыр. Бұрын Өскемен мен Омбының арасын Семей арқылы қатынайтын әйгілі «Ракета» кемелері жалғайтын. Кеме қатынасын жаңғыртуды орынды деп санаймыз. Менің ойымша қазір көпшілігі автокөлік жолдарымен жүруге жалықты. Өскеменнен Семейге дейін шлюздеуді есепке алғанда жол ұзақтығы үш жарым сағатты алады. Көпшілігі көлік қатынасының бұл түріне қызығып, сұраныс артады деп ойлаймын. Жүк тасымалдарына келетін болсақ, бұл бөлек мәселе. Әлбетте, оны есептен шығаруға болмайды. Бірақ оған басқа инвесторлар қажет», деді Н.Ұранхаев.
Абай облысы