Әлем • 20 Шілде, 2022

Солтүстік Македония мен Албания Еуроодаққа кіруге ниетті

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сейсенбі күні Солтүстік Македония мен Албанияның Еуроодаққа қосылуы туралы ресми келіссөздер басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Солтүстік Македония мен Албания Еуроодаққа кіруге ниетті

Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен қос елдің премьер-министрлерімен жүргізген келіссөздерде бұл үдеріс жылдарға созылса да, қосымша саяси және экономикалық тұрақтылық әкеледі деп үмітенетінін жеткізді.

«Инвестиция ағылып, сауда байланыстары жақсарады. Энергетика және көлік сияқты негізгі салаларда тығыз ынтымақтастық орнайды. ЕО қаражатын көбірек және барынша тиімді пайдалану мүмкіндігі туады. Бұл жаңа жұмыс орындары мен жаңа бизнес мүмкіндіктері пайда болатынын білдіреді», деді Еурокомиссия төрайымы.

Солтүстік Македония Еуроодаққа кандидат мәртебесін 2005 жылы алған еді.

Айта кетерлігі, қос елдің Еуроодаққа кіруінің нақты мерзімі әлі белгіленбеген. Мүшелік туралы келіссөздердің сәтті өтуі елдердің ЕО заңдары мен ережелерін, заң үстемдігі қағидаттарын қаншалықты жылдам қолдануына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен сәтті күресуге кепілдік бере алатынына байланысты болып отыр.