Оқиға • 20 Шілде, 2022

Шымкентте дендробақтан өрт шықты

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттегі дендробақтан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте дендробақтан өрт шықты

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер саябақ аумағындағы құрғақ шөптердің жанып жатқанын анықтаған. Өрттің көлемі 0,25 гектарға жайылып, қызыл жалынды сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 24 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылған.

«Өрт сағат 19.25-те оқшауланып, сағат 19.31-де толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Дендросаябақтың аумағы құрғақ шөптерден тазартылмағандықтан, жауапты тұлғалар ҚР ӘҚтК-ның 410-баптың 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін», делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.