Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлік апатынан зардап шеккен кішкентай бала - 6 жаста.
«15 шілде күні сағат 15:00 шамасында Қаратал аудандық полициясына көлік апаты болғандығы жөнінде хабарлама түсті. Оқиға Үштөбе-Көпбірлік жолында болған.
Анықталғандай, «Тойота-Естима« көлігін 42 жастағы адам тізгіндеген. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, аударылған. Көлікте 4 адам болған. Оның біреуі - кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек. Көлік апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы мерт болды. Кішкентай бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», делінген ведомствоның хабарламасында.
Аталған факті бойынша ҚК-тің 345 бабына сәйкес тергеу жүріп жатыр.