2014 жылғы 24 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
Көші-қон карточкасын беру қағидаларын бекіту және «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Көші-қон карточкасын беру қағидалары бекітілсін.
2. «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:
8-тармақ алынып тасталсын;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде өзінің тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша тіркеледі. Көшіп келушілерді тіркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №133 қаулысымен бекітілген
Көші-қон карточкасын беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Көші-қон карточкасын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына келген кезде шетелдіктерге көші-қон карточкаларын беру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасына келген кезде 16 жасқа толған шетелдікке көші-қон карточкасы беріледі.
Мынадай:
1) Қазақстан Республикасының дипломаттық, қызметтік және инвесторлық визалары бар адамдарға, сондай-ақ дипломаттық, қызметтік паспорттары мен уәкілетті органнан «инвестор» мәртебесін растауы бар адамдарға;
2) әуе, теңіз және өзен кемелерінің мүшелеріне;
3) пойыз бригадаларының, оның ішінде рефрижераторлық, локомотивті пойыз бригадаларының қызметкерлеріне және теміржол көлігімен жол жүретін жүктерге ілесіп жүретін адамдарға;
4) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол жүретін пойыздардың жолаушыларына;
5) халықаралық автотасымалды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілеріне көші-қон карточкалары берілмейді.
3. Көші-қон карточкасы Қазақстан Республикасына келетін шетелдік туралы мәліметтерді қамтиды және Қазақстан Республикасының аумағында оның уақытша болуын бақылауға негіз болады, ол осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
2. Көші-қон карточкаларын беру тәртібі
4. Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктер көші-қон карточкаларын толтыру қажеттілігі, бланкілерді кедергісіз алу мүмкіндігі және оларды шекаралық бақылаудан өтерден бұрын толтыру үшін қажетті уақыт туралы уақтылы хабардар етіледі.
5. Көші-қон карточкасының бланкілерін беруді:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері (бұдан әрі – ҰҚК ШҚ) (оның ішінде көші-қон карточкаларының бланкілерін автоматтандырылған толтыру бойынша «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып);
2) шетелдіктердің уақытша немесе тұрақты тұратын жері бойынша, оның ішінде «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы заңды және жеке тұлғалардан оларға келген шетелдіктер мен адамдар туралы ақпарат алу арқылы – ішкі істер органдары;
3) жолда жүргенде:
әуе (теңіз) көлігімен – әуе (теңіз) кемелерi экипаждарының мүшелерi;
теміржол көлігімен – пойыз бригадаларының мүшелері;
халықаралық автобус көлігімен – халықаралық автобус көлігінің жүргізушілері жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне келгенге дейін көші-қон карточкасын шетелдік Визалық-көші-қон порталы (www.vmp.gov.kz) арқылы өз бетінше толтыра және басып шығара алады.
6. Шетелдіктер көші-қон карточкаларын шекаралық бақылау басталғанға дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көші-қон карточкаларын толтыру бойынша жадынамаға сәйкес түсінікті, шимайсыз және түзетулерсіз сия немесе шарикті автоқаламмен көк немесе қара түсті пастамен толтырады. Көші-қон карточкаларын шетелдіктің паспортында немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатында көрсетілген деректерге сәйкес қазақ, латын әліпбиінің немесе кириллица әріптерімен толтыруға рұқсат етіледі.
Көші-қон карточкаларының бланкілерін автоматтандырылған толтыру бойынша «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінің мүмкіндігі болған жағдайда, оларды толтыруды және беруді ҰҚК ШҚ жүзеге асырады.
Көші-қон карточкасында шетелдіктің тегі, аты, болу мақсаты, қабылдайтын тарап, тіркелген мекенжайы, 16 жасқа толмаған бірге келген балаларының саны көрсетіліп, Қазақстан Республикасына келгені және уақытша болатын жері бойынша тіркелгені туралы белгі қойылады.
7. Қазақстан Республикасына келген кезде ҰҚК ШҚ ұсынылған көші-қон карточкасын паспорттың деректерімен салыстырып тексереді, келуі туралы белгі қояды. Келуі туралы белгі «келу» бағанында күнді көрсететін мөртаңба бедерін қою жолымен жүзеге асырылады, одан әрі көші-қон карточкасы шетелдікке қайтарылады.
8. Шетелдіктер (персонал және тұрғындар) Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтан тыс аумаққа шыққан жағдайда, ішкі істер органдары жеке басын куәландыратын құжаттардың және жалға алынған аумақта тұрғылықты жері бойынша тіркеу негізінде көші-қон карточкаларын береді.
9. Елден шығару туралы шешім қабылданған шетелдіктерге ішкі істер органдары Қазақстан Республикасынан шығу үшін мерзімін көрсете отырып, көші-қон карточкасын береді. Бұл ретте «Келу» бағанында «Елден шығару» деген жазба жазылады.
10. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар, шетелге тұрақты тұруға шығатын, уәкілетті мемлекеттік органға тұруға ықтиярхат тапсырған шетелдіктер оның орнына шетелге уақтылы шығу үшін қажетті тіркелу мерзімі бар көші-қон карточкаларын алады.
11. Көші-қон карточкаларын жоғалтқан немесе абайсызда бүлдіріп алған кезде шетелдіктер көші-қон карточкасы бүлінген немесе жоғалған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына өтініш береді, олар өтініш иелерін тексергеннен кейін көші-қон карточкаларының телнұсқаларын береді және тіркелгені туралы белгі қояды. Бұл ретте «Келу» бағанында Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон полициясы бөлімшелерінің визалық (паспорттық) мөрі қойылады.
12. Қазақстан Республикасынан шыққан кезде ҰҚК ШҚ ұсынылған көші-қон карточкасын паспорттың деректерімен салыстырып тексереді, содан кейін көші-қон карточкасын алып қояды.
13. Шекаралық бақылаудан өту және Қазақстан Республикасынан шығу үшін өткізу пунктіне келген көші-қон карточкасы жоқ шетелдіктер өтініш берген кезде ҰҚК ШҚ «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы Мемлекеттік шекараны кесіп өткен күнін белгілейді және шекараны кесіп өткені туралы растау болған және Қазақстан Республикасында болу мерзімдері мен тәртібін бұзу фактісі болмаған жағдайда шекара арқылы өткізуді жүзеге асырады.
Көші-қон карточкасын беру қағидаларына 1-қосымша
нысан
Алдыңғы беті
Лицевая сторона
КӨШІ-ҚОН КАРТОЧКАСЫ
МИГРАЦИОННАЯ КАРТОЧКА №___________
MIGRATIONAL CARD
Тегі/Фамилия/Surname Кіру
Аты/Имя/Given name
Тіркеу №____
«___»_____20____ж. «___»_____20____г. дейін
Тіркеу жасаған орган_________________
Лауазымды адамның қолы____________
м/о
Азаматтығы/Гражданство/Nationality
Келу мақсаты/Цель въезда/Purpose of visit
Қабылдайтын тарап
Принимающая сторона
Inviting party
_________________________________________________
Тіркелген мекенжайы ______________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен,
________________________________________________
көшенің атауы, үй №__, пәтер №__).
Адрес регистрации _______________________________
(область, город, район, населенный пункт,
________________________________________________
наименование улицы, дом №__, квартира №__).
Home Address ___________________________________
(region, city, district, settlement,
________________________________________________
street, building №__, flat №__)
Бірге келетін балалар/Совместно следуют дети/Accompanying by children
Қолы/подпись/signature
Артқы беті
Обратная сторона
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде ішкі істер органдарында МІНДЕТТІ ТҮРДЕ тіркелуі тиіс. Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін бұзу әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Көші-қон карточкасы көшіп келушіде сақталады және Қазақстан Республикасынан шыққан кезде тапсырылуы тиіс.
В течение 5 календарных дней после пересечения Государственной границы Республики Казахстан ОБЯЗАТЕЛЬНА регистрация в органах внутренних дел. Нарушение сроков пребывания в Республике Казахстан влечет административную ответственность. Миграционная карточка хранится у иммигранта и подлежит сдаче при выезде из Республики Казахстан.
Within the 5 calendar days after the crossing of the State border of the Republic of Kazakhstan, registration in the internal affairs authorities IS MANDATORY. Violation of terms of stay in the Republic of Kazakhstan constitutes an administrative offense. Migration card kept by the foreigner and will be deposited at the exit from the Republic of Kazakhstan.
Тіркеу мерзімі 20___жылғы « »________ дейін ұзартылды.
Тіркеу жасаған орган__________Лауазымды адамның қолы______________
м/о
Тіркеу мерзімі 20___жылғы « »________ дейін ұзартылды.
Тіркеу жасаған орган__________Лауазымды адамның қолы______________
м/о
көші-қон карточкасының өлшемі 88х125 мм
Көші-қон карточкасын беру қағидаларына 2-қосымша
Көші-қон карточкаларын толтыру бойынша жадынама
1. Көші-қон карточкалары шетелдіктерге, пойыз бригадаларының, әуе, теңіз кемелері экипаждарының мүшелеріне Қазақстан Республикасына келу кезінде шекаралық бақылау пунктіне келгенге дейін оларды толтыру үшін қажетті уақытты есептей отырып, алдын ала беріледі.
2. Карточка түсінікті, шимайсыз және түзетулерсіз сия немесе шарикті автоқаламмен көк немесе қара түсті пастамен толтырылады. Тегі мен аты қатаң түрде паспорт бойынша оны толтыру кезінде қолданылатын әліпбимен (қазақша, латынша немесе кириллица) жазылады. Араб немесе өзге графика қолданылмайды.
3. «Сапар мақсаты» бағанына мынадай мақсаттардың бірі көрсетіледі:
жеке – қонаққа, жеке сипаттағы басқа істер бойынша;
қызметтік– іссапарға келген кезде, іскерлік сипаттағы басқа істер бойынша;
жұмысқа – жасалған келісімшартқа сәйкес жұмыс үшін келген кезде және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті рұқсаты болған кезде;
оқуға – Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнайы оқу орындарының студенттері үшін, сондай-ақ тағылымдамаға немесе практикаға баратын адамдар үшін;
емделуге – Қазақстан Республикасының медициналық мекемелеріне емделуге келген адамдар үшін;
туристікт – туристер ретінде келетін адамдар үшін.
4. «Қабылдайтын тарап» бағанында қабылдаушы ұйым ретіндегі жеке тұлғаның тегі немесе заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ ол тұратын облыс (заңды тұлғаның тіркелген орны) көрсетіледі.
Мысалы: А.И. Сүндетов Қызылорда обл.;
«НҰР» АҚ, Астана қаласы.
5. «Тұратын мекенжайы» бағанында жоспарланған уақытша болатын жері көрсетіледі.
Мысалы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Кентау қаласы, Ленин көшесі, 5-үй, 6-пәтер.
6. «Бірге келетін балалар» бағанына шетелдіктермен бірге келетін 16 жасқа толмаған балалардың саны жазбаша көрсетіледі.
Мысалы: «үшеу».
7. Көші-қон карточкалары шекаралық бақылау кезінде паспортпен бірге ұсынылады. Көші-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан шыққанға дейін көшіп келушілерде сақталады және ішкі істер органдары мен шекара қызметі қызметкерлерінің талап етуі бойынша ұсынылады.
8. Ішкі істер органдарында тіркелу туралы белгіні көші-қон полициясы қызметкерлері қояды. Қазақстан Республикасында болу мерзімі күнтізбелік 5 күннен аспайтын адамдардың паспорттарын ішкі істер органдарында тіркеу міндетті емес.