Әлем • 21 Шілде, 2022

Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын тоқтатылды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын тоқтатылды

«Төтенше жағдайды мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің үндеуін назарға алып, сондай-ақ Қарақалпақстан Республикасы аумағында қоғамдық тәртіп қалпына келтірілгенін және қабылданған шаралардың арқасында «Төтенше жағдай туралы» Өзбекстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес азаматтардың қауіпсіздігі, олардың құқығы мен бостандықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді», делінген хабарламада.

21 шілдеде сағат 5:00-ден бастап Қарақалпақстан Республикасы аумағындағы төтенше жағдай мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Осы Жарлық 2022 жылғы 21 шілдеде сағат 5:00-ден бастап қолданысқа енгізіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында дереу жариялануға тиіс», делінген Өзбекстан президентінің сайтында.