Президент • 21 Шілде, 2022

Қазақстанның теңіз порттары Еуропа нарығына шығуды қамтамасыз ете алады

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның теңіз порттары Еуропа нарығына шығуды қамтамасыз ете алады

«Біз өз тарапымыздан серіктестерді Шығыс Азия мен Парсы шығанағы елдері арасындағы ең қысқа жол – Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржолын белсендірек пайдалануға шақырамыз.

Жақында Иранға сапарым барысында Қазақстаннан Түркияға Түркіменстан мен Иран аумағы арқылы алғашқы контейнерлік пойыз жіберілді», деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті бұл логистикалық шешім бар болғаны 12 күн ішінде 6000 шақырымнан астам жол жүруге мүмкіндік беретінін де атап өтті.

«Таяу Шығыс пен Еуропа елдерінің нарықтарына шығуды Қазақстанның Ақтау және Құрық теңіз порттары қамтамасыз ете алады.

Түркіменбашы портының инфрақұрылымын сәтті дамытып жатқан Түркіменстанның да осы ұстанымда екеніне сенімдімін», деді Мемлекет басшысы