2014 жылғы 24 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
«Сорттың патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 337 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Сорттың патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі№ 337 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 31, 238-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тақырыбы мынадай редацияда жазылсын:
«Патент қабілеттілігімен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы»;
2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) патент қабілеттілігі мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі;
2) патент қабілеттілігі өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі;
3) шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі;
4) шаруашылықта пайдалылығы өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі бекітілсін.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген сорттың патент қабілеттілігі мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесінде:
тақырыбы мынадай редацияда жазылсын:
«Патент қабілеттілігі мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері23, 24, 25, 26, 27, 28, 29-жолдармен толықтырылсын:
«
23 Көкөніс машы
24 Көкөніс үрмебұршағы
25 Көкөніс қытайбұршағы
26 Жасымақ
27 Ақ қыша
28 Көкөніс насыбайгүлі
29 Тургидум бидайы
»;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген сорттың патент қабілеттілігі өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесінде:
тақырыбы мынадай редацияда жазылсын:
«Патент қабілеттілігі өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлер 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122-жолдармен толықтырылсын:
«
111 Тікен қанатты жүзгін
112 Қарабарқын (шеркез)
113 Қызылқұм жүзгіні
114 Аққабық жүзгін
115 Кәдімгі жүзгін
116 Түкті сабақ жүзгін
117 Түлкі таспа шөбі
118 Бадам таспа шөбі
119 Тұран жусаны
120 Ащы жусан
121 Тамыр жусан
122 Көпжемісті көкпек
5) көрсетілген қаулымен бекітілген сорттың патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі»;
мына:
3 Маш Phaseolus rabiatus L.
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1 жолмен толықтырылсын:
«
3-1 Жасымақ Lens culinaris Medik
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 5,6,7,8,9,10,11,12 жолдармен толықтырылсын
5. Азықтық рапс
6. Ақ қыша
Көкөніс дақылдары
7. Брокколь қырыққабаты
8. Қант асбұршағы
9. Аршылатын асбұршағы
10. Көкөніс қытай бұршағы
11. Көкөніс насыбайгүлі
Астық
12. Тургидум бидайы
»;
6) көрсетілген қаулымен бекітілген сорттың патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шаруашылықта пайдалылығы өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі»;
мына:
«
120. Эспарцет Onobrychis viciifolia Scop
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 120-1,120-2,120-3,120-4,
120-5,120-6,120-7,120-8,120-9,120-10,120-11,120-12-жолдармен толықтырылсын:
«
120-1 Тікен қанатты жүзгін
120-2 Қарабарқын (шеркез)
120-3 Қызылқұм жүзгіні
120-4 Аққабық жүзгін
120-5 Кәдімгі жүзгін
120-6 Түкті сабақ жүзгін
120-7 Түлкі таспа шөбі
120-8 Бадам таспа шөбі
120-9 Тұран жусаны
120-10 Ащы жусан
120-11 Тамыр жусан
120-12 Көпжемісті көкпек
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.