Технология • 21 Шілде, 2022

Министрлік «Зерде» холдингінің келешегі туралы ресми ұстанымын жариялады

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифирлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Зерде» холдингінің келешегі туралы ресми ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлік «Зерде» холдингінің келешегі туралы ресми ұстанымын жариялады

«Зерде» холдингі объективті және субъективті себептерге байланысты Ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласын дамытудың толыққанды институты ретінде қалыптаса алмады. Бүгінде «Зерде» холдингі дербес табыс әкелмейді және өз кезегінде мемлекеттен Электрондық үкіметтің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының функцияларын жүзеге асыруға тапсырыстар алатын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның дивидендтері есебінен қаржыландырылады», деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Яғни, холдинг бұған дейін шығынмен жұмыс істеп келген. Ведомство осы уақытқа дейін IT-қауымдастық тарапынан холдинг қызметіне байланысты айтылған сындарды орынды деген ұстанымда.

«Холдинг қызметі, бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі және «ҰАТ» АҚ-ның қаржылық жағдайы, басқарушы холдинг пен еншілес ұйымдардың жұмысына кететін қаражат көлемі IT-қоғамдастық пен бақылау органдарының әділ сынына түсті. 2021 жылы «Зерде» холдингі табысының ұлғаюына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Электрондық үкіметті зерттеуге берген тапсырыс әсер етті. Бұл «Зерде» холдингіне оң табыс әкелуге мүмкіндік берді, бірақ жылдың қорытындысы бойынша холдинг қызметі қайтадан шығынға әкеп соқты. 2016-2021 жылдар кезеңінде холдингтің жинақталған шығыны 7 млрд теңге болды», делінген министрлік дерегінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин «Зерде» холдингін таратуды ұсынған еді.