Тағайындау • 21 Шілде, 2022

Павлодар облысы ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жаңа басшы тағайындалды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов кеңейтілген мәжілісте Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысы ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қаржы министрінің бұйрығымен Махметов Дәурен Қанатұлы ҚР Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Дәурен Қанатұлы еңбек жолын 2012 жылы Павлодар облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясында бастаған.

2013 жылдан ҚР Қаржы министрлігі қаржылық бақылау комитеті және ішкі мемлекеттік аудит комитеттерінде бірқатар лауазымдарды атқарып, басқарма басшысы болды.