Коронавирус • 22 Шілде, 2022

«Жаман тұмау» жар астында

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды өңірі «жасыл аймақта» болғанымен, соңғы тәуліктердегі келіп түскен ақпараттарға қарағанда, «жаман тұмау» тағы да бас көтере бастағанға ұқсайды. Мәселен, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған мәліметке сай, соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырған 188 науқас тіркелді.

«Жаман тұмау» жар астында

Жалпы, өңірде пандемия бас­тал­ға­лы бүгінге дейін 152 391 адам коронавирус инфекциясымен ауырған екен.

Бұл дертке тосқауыл бола алатын күштің вакцина салдыру екені белгілі. Осы орайда Қарағанды өңірінде тұрғындардың 75,2%-ы, яғни 675 058 адам екпенің бірінші компонентін қабылдапты. Ал вакцинаның екінші компонентін салдырғандардың саны 633 013 адамға жеткен. Бұл – жалпы облыс тұрғындарының 44,3 пайызы.

Қазіргі уақытта ревакцина салдыру да күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселенің бірі болып тұр. Облыста бүгінге дейін 245 963 адам үшінші мәрте екпе салды­рыпты. Мұның ішінде Pfizer өнімі «Комирнати» вакцинасын салдырғандардың саны 67 336 адамды құраған. Бұдан бөлек осы жылдың 25 мамырынан бастап өңірде ревакцина қайта салына бас­та­ды. Қазірдің өзінде 18 743 адам осы екпені алған.

Ал енді, коронавирус инфек­циясының өрши бастағанына ке­л­сек, Қарағанды облысының Санэпидбақылау департаменті өңірдің барлық тұрғындары мен қонақтарына жабық ғимараттарда, қоғамдық көліктерде маска тағып жүру керегін ескерте бастады. Со­ны­мен қатар аталған ведом­ствоның мамандары вакцина сал­дырудың толық курсынан өткендер үшін «жаман тұмаудан» келер қауіптің жоғын жоққа тән екенін айтып отыр.

 

Қарағанды облысы