Қазақстан • 22 Шілде, 2022

«Жетінші арнаның» бас директоры тағайындалды

669 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әния Байоразова «Жетінші арнаның» бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жетінші арнаның» бас директоры тағайындалды

Байоразова Әния 2009 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған.

Оның БАҚ және телевизия өндірісі саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар.

Еңбек жолын университет қабырғасында жүргенде «31 арнадан» бастаған.

Ақпараттық – ойын-сауық жобаларының жүргізушісі, сценарист әрі редакторы болды.

2010-2020 жылдар аралығында жаңалықтар қызметінде тілші, «Хабар» телеарнасында диктор, «Еларна» және «Алматы» телеарналарында түрлі тележобалардың жүргізушісі болып жұмыс істеді.

«Jas Otan» төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

«Biz Birgemiz» халықтық іс-шарасын сәтті ұйымдастырып, PR жұмыстарын жүргізді.

2020 жылдан ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-де жұмыс істей жүріп, өзінің шығармашылық қызметін отандық телеарналарда жалғастырды.

Қазір Almaty Management University-де MBA дәрежесін алуда.