Елорда • 22 Шілде, 2022

Елордадағы дүкендерде азық-түлікті сақтау шарты бұзылғаны анықталды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы апта сайын үй жанындағы дүкендердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордадағы дүкендерде азық-түлікті сақтау шарты бұзылғаны анықталды

Мониторинг барысында 1 000-нан астам дүкен қамтылды. Жұмыс барысында сауда үстемесінен асып кету және көкөніс пен сүт өнімдерін сақтаудың санитарлық нормаларын сақтау бойынша бұзушылықтар анықталды.

«Қазақстан Республикасының«Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес кәсіпкер тауарға баға белгісінің болуын және шекті сауда үстемесінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Басқарма баға белгілерінің болмағаны және сауда үстемесінің 15%-дан асып кеткені үшін кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сол сияқты үй жанындағы дүкендердің иелері санитарлық нормаларды сақтауы қажет, оның ішінде тез бұзылатын өнімдерді сақтау бойынша: тоңазытқыш камераларды сөндірмеу, сүт өнімдері секторын стеллаждармен жабдықтау, ауаның төмен температурасы мен ылғалдылығын бақылау, сондай-ақ сауда-саттық кезінде белгілі бір жарық режимін сақтауы тиіс», делінген баспасөз хабарламасында.

Коммуналдық төлемдерді үнемдеу елорда тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіреді.